Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Керімбекова: Жұрт мені қасқыр мінезді деп ойлайды

Опубликовано:

Қазақ эстрадасында лиризмге толы тамаша дауысымен тыңдарманын жаулап алған әнші Ақбота Керімбекова "Жан сырым" хабарында өміріндегі қиындықты қалай еңсергенін баяндап берді.

Бильярд ойынының нағыз шебері саналатын әнші өмірдегі жеңіс пен жеңілістің айырмашылығын жақсы біледі.

"Жылап отыруға уақытым да болмады. Бала-шаға бар. Оларды өсіру керек, жетілдіру керек. Не болса да, алға жылжу керек деген мақсат болды", - дейді Керімбекова.

Әңгіме барысында жастайынан әкесінің тәрбиесінде болған әртіс мінезіндегі қайсарлық нәзітікпен ұштасып жатқанын оқырмандарына жеткізгісі келді.

"Әрине, қыздарға қарағанда, көбіне ұлдармен араласамын. Біреу намысыма тиетін болса, мен өзімді қорғай аламын. Жұрт мені мінезі қатал деп ойлайды. Қасқыр мінезді деп ойлайды. Мінез болмаса, бірдеңеге қол жеткізу мүмкін емес. Бірақ, жанымыз бәрібір жұмсақ. Жылайтын сәттеріміз де болады", - дейді әнші.

Баянсыз махаббаттан талай көз жасын төккен әнші үш ұлының қамын ойлап, рухани ішкі дүниесінің әлсіреуіне жол бермеді. Үлкен сахнада өнер көрсете жүріп, әнші балаларын бағып-қағуға да үлгеріп жүреді. Үйдегі бар жауапкершілік өз мойнына артылған қайсар Ақбота бұл қиындықтарды да еңсере білді.

"Балаларымды өсіру керек болды. Күресу керек. Мен бақытты болуға лайықтымын деп ойлау керек", - дейді Ақбота Керімбекова.

Алматыда қос үй тұрғызған әнші бір баспананы анасына, екіншісін өзіне салған. Бар тапқанын құрылысқа жіберген Керімбекова жылаған күндері көп болғанын еске алды.

"Қиналдым. Жылаған күндерім көп болдым. Ел қатарлы үй салдым, киім алған жоқпын. Кейде ұйқыдан тұрып, көзімді ашсам, осы үйді мен салдым ба деп ойлаймын. Менің ішкі жан дүниемде қайнап жатқан арман-мақсатым өте көп. Әдемі кеш жасасам деген арман бар. Тек жақсы нәрсе жасауға Алла нәсіп етсін", - деп қорытты сөзін әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1112675-aqbota-kerimbekova-zhurt-meni-qasqyr-m/

pixel