Атышулы рэпер Жан Ахмадиев "91" тобын барын сала жақтады (видео)

Опубликовано:

Елге есімі "Қазақпыз ғой" бейнебаяндарымен танылған "заманауи жырау" Жан Ахмадиев соңғы шыққан туындысында "91" тобын өткір сынаған болатын.

"Қазақ десе, сырға таққан әншілерді қолдаймыз,

Корейлерге еліктейміз, мүсіндерін сомдаймыз.

Еркексымақ, қатын тектес "91" деп жар салдық,

Ей қазақтар, бүйте берсек, ел болмаймыз, оңбаймыз", - деп жырлаған рэпер отандық телеарнаға берген сұхбатында басқаша сайрады.

"Қазақтың қарапайым баласы ғой ауылдан шыққан. Бізде әншілер әндерін тойға бағыттап алған. Біреуі төмен не жоғары қадам жасаудан қорқады", - дейді атышулы Ахмадиев.

Соңғы кезде әлеуметтік мәселелерге толғанғыш болып кеткен жігіттің ісі мен сөзі сай келмей састы. "91"-дің жігіттеріне тіл тигізген рэпер енді жас әншілерді қорғаштаймын деп барын салды.

"Ринат шықты "қазақты шетелге қазақ ретінде танытыңдар" деп. Қазақ ретінде қалай танытасың шетелге?  Қазақтардың салтын, дәстүрін шетелге көрсетсең, олар бізді "абориген" дейді. Африкадагы тайпалармен елестетеді. Яғни біз де көрсетуіміз керек, бізде де мәдениет бар екенін. Жаңадан мәдениет әкеліп жатырмыз", - деді рэпер әңгіме барысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1113545-atyshuly-reper-zhan-akhmadiev-91-tobyn-bar/