Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова халықтың қалауымен концерттік бағдарламасын өзгертуге дайын

Опубликовано:

Халық әртісі Мақпал Жүнісова сахнада жүргеніне биыл 35 жыл толуына орай халық алдында есеп бермек, деп хабарлады 31 арна.

Әншінің шығармашылық кешін бастан-аяқ "Арман"  атты топ сүйемелдейтін болады. "Аңсарым","Сен және мен", "Барасың сен алыстап" сияқты жаңа әндер сол кештің көркін қыздырмақ.

Тіпті өнер иесі жиналған көрерменнің сұрауына байланысты концерттік жоспарын да өзгертуге дайын.

"Біз бағдарламаны бірден өзгертіп жіберуіміз мүмкін. Өйткені, музыканттар алдында ноталары бар. Бәрі дайын отырады. Айтатын әнді айтқым келмей қалатын кездер болады. Ол көңіл-күйге байланысты. Халықтың қабылдауына байланысты", - деді Мақпал Жүнісова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1115438-maqpal-zhunisova-khalyqtynh-qalauymen-k/

pixel