Танымал өзбек әншісі қызды болды

Опубликовано:

ТМД елдеріне танымал өзбек әншісі Севара Назархан қызды болды. Әнші АҚШ-тағы клиникалардың бірінде босанған деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтары.

Өзбекстанның еңбегі сіңген әртісі Севара Назархан қуанышымен Instagram парақшасында бөліскен.

Өзбек тіліндегі «Улугимсан ватаним» (Ұлы менің Отаным) атты үздік патриоттық әндердің бірін орындаушы Севара перзентін АҚШ-тағы клиникалардың бірінде босанған.

Әнші мен оның күйеуі, продюсер Бахрам Прімқұловтың отбасында бұл екінші бала. Ерлі-зайыптылардың 7 жастағы Денгиз есімді ұлы бар.

Севара Назархан Ресей мен Еуропаның атақты рок-музыканттарымен бірге ән шырқаған саусақпен санарлық өзбек орындаушыларының қатарына жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1115778-tanymal-ozbek-anshisi-qyzdy-boldy/