Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш 2020 жылы қойылатын болды

Опубликовано:

Батырхан Шүкеновтің тыңдармандары мен достары Алматыда әншіге арнап ескерткіш тұрғызу туралы бастаманы қолға алған. Оны Көктөбеге қоямыз деген жоспар да болған. Алайда әншіге арналған ескерткіш тек 2020 жылы қойылатын болды.

Себебін құзырлы орган өкілдері түсіндіріп берді деп хабарлайды Алматы арнасы.

"Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген "Монументальды өнер ескерткіштерін орнату қағидаларына" сәйкес, жалпы бір көрнекі тұлғаның есімін мәңгі есте қалдыру бойынша көрнекі тұлғаның қайтыс болғаны күнінен бастап 5 жыл өткеннен кейін жүзеге асырылады", - дейді Алматы қалалық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Ләззат Сағындықова.

Батырхан Шүкеновтың соңынан ерген, жақсылығын көрген әріптес достары марқұмның атын ұмыт қалдырмау үшін барын салуда. Әншінің атында қор ашып, қыруар істің басын қайырған.

Атап айтсақ, "Батыр Лайф" атты фильм-концертін өткізіп, "Аманат" атты ән жинағын шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1116364-batyrkhan-shukenovke-arnalghan-eskertk/