Ұлықпан Жолдасов ұлын үлкен сахнадан бата беріп шығарып салды
Опубликовано:
Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Болат Жолдасов сахнадан кетті, - деп хабарлайды Baistars.kz.
Танымал композитор Ұлықпан Жолдасовтың кешінде Болат «Бастау» тобымен соңғы рет өнер көрсетті.
Бірнеше жыл «Музарт», «Бастау» топтарында өнер көрсеткен Болат жақында әкесінен музыканы қойып, басқа іспен айналысуға рұқсат сұраған.
Әкесі баласын қай салада да қолдайтынын айтты. Концертте Ұлықпан Жолдасов «Жолың болсын, балам» деп, ақ батасын беріп шығарып салды. Болатты енді көрермендер сахнадан көрмейді.
Музыканттар отбасында дүниеге келген өнерпаз енді сахнаға мүлдем шықпай қоя ма, шыға ма, оны уақыт көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1117807-ulyqpan-zholdasov-ulyn-ulken-sakhnadan/