Әйгілі түрік әншісі Таркан өзінің жанкүйерімен некесін қиды (фото)

Опубликовано:

Түркияның атақты поп әншісі, мегастар Таркан сүйіктісімен некесін қиды. Бұл туралы Hurriyet.com хабарлайды деп жазады 24.kz.

Таркан жұма күні Тарабиядағы вилласында қарапайым ортада некелерін қиды. Ал алдағы күндері көпшілікке үйлену тойын дүркіретіп жасауды жоспарлап отыр. Қазір Түркияның белгілі тұлғалары мен жұлдыздары екі жасқа бақыт тілеп, өз құттықтауларын жолдауда.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында жарық жұлдыздың осы жылы үйленетіндігі туралы жазған едік. Айта кеткен жөн, әншінің жары - Пынар Дилек есімді түрік қызы. Ол Германияның Дуйсбург қаласында дүниеге келген.

 

Таркан мен Пынар осыдан бес жыл бұрын Германиядағы кезекті концерттерінің бірінде танысыпты. Белгілі болғандай, 30 жастағы ару Таркан өнерінің табынушысы екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1117996-aygili-turik-anshisi-tarkan-ozininh-zhan/