“Алло” әніне жасаған балақайлардың пародиясы көпшілікті тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның танымал “Алло” әніне балақайлардың жасаған пародиясы көпшілікті тәнті етті.

Кішкентайлардың тәтті қылығы жазылған видео продюсер Баян Есентаеваның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған. Онда балақайлар бірігіп, “Алло” әнін орындайды. Көпшілік балалардың "ешбір әншіден кем түспейтінін" айтып, мақтауларын жаудырған.

Еске салсақ, бұған дейін Төреғали Төреәлі "Балапан" телеарнасының жүргізушісі Еңлік Ғаниқызымен бірге "Алло" әнін орындағанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1118438-allo-anine-zhasaghan-balaqaylardynh/