Сәкен Майғазиев темір тордағы аналарды әнімен жұбатты (видео)

Опубликовано:

Сәкен Майғазиев әйелдер түзету мекемесіне барып, темір торға тоғытылған нәзік жандыларға арнайы концерт қойды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұл туралы әншінің өзі желідегі жеке парақшасында мәлімдеген.

“Әйелдер түзету (женская колония) мекемесінде болып, жылаған жүректерді жұбатып, ақ баталарын алып қайттық. Бостандықтың бағасын білмей жүрміз-ау деген ой тағы келді. 2013 жылы да әйелер мерекесі қарсаңында шәкірттеріммен барып, көңілдерін көтеріп қайтқан едім, бұл жолғы кездесуімізге Кенжебек тұздық болды. Әр әннің мәтініне мән беріп, сағыныштан сарғайып көзіне жас алған аналар мен болашақ аналарды көргенде еркек басыңмен еріксіз... Алла тағала мұндағы нәзік жандылардың ертерек отбасына оралуларын нәсіп еткей”, - деп жазған Майғазиев.

Ал концерттен видеоларды көрген желі қолданушылары Сәкен Майғазиевке мақтаулары мен алғыстарын жаудыруда.

"Сәкен аға, өмірдің түрлі себептерімен сол жақта жатқан әпке-сіңлілерімізді бір мәз қылып қайтыпсыздар. Алла Тағала барлық ісіңізді оңғарсын", - деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1119504-saken-mayghaziev-ayelder-koloniyasyna/