Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәкен Майғазиевтің "модный киімі" көпшіліктің талқысына түсті (фото)

Опубликовано:

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының Instagram желісіндегі жеке парақшасына жүктелген Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиевтің фотосы көпшіліктің талқысына түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Модный жігіттер" деген тақырыппен көпішілікке жария етілген фотода Сәкен Майғазиев классикалық киім мен спорт киімін үйлестіруге тырысқан. Спорттық шалбарды кроссовкимен және галстукпен киген әншінің стилін бірі мақтаса, екіншісінің көңілінен шыға қоймаған.

"Сəкен ағаның киімін түсінбедім? Төменгі жағы спортивный, жоғарғы жағы классика ма, галстук тағып алған", - деп жазады пікір қалдырушылардың бірі.

"Мейрамбек аға салмақты, Сәкен аға сымбатты болып тұр бұл фотоларда, екеуі де әдемі. Еліміздің мақтанышы. Нағыз қазақтың жігіттері", - дейді өзге қолданушы.

Ал Кенжебек Жанәбілов болса, фотоға түсуден бас тартып, тығылып қалған көрінеді.

"Кенжебек түспеймін деп тығылып қалды", - деп жазған Ләйлә Сұлтанқызы фотоның астына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1121330-saken-mayghazievtinh-modnyy-kiimi-kopsh/

pixel