Түрік әншісі Таркан мұсылмандық дәстүрмен неке қиды

Опубликовано:

Түріктің танымал әншісі Таркан өзінің тыңдарманына үйленіп, тойын Германияда өткізді, деп хабарлайды 1news.az дерегіне сілтеме жасаған 24.kz.

43 жастағы Таркан мен 30 жастағы Пынар Дилектің неке қию рәсімі әншінің Ыстамбұл қаласындағы үйіндегі бақта болды. Басылымның мәліметінше, жұптың көңіл қосқанына бес жыл болыпты. Музыкант та, қыз да Германияда дүниеге келген.

Joinfo.ua басылымының мәліметінше, мұсылман дәстүрі бойынша неке қию рәсімі болып өткен. Ал салтанатты той құдалық, беташар, келісім, урс, валима (той) және неке түні деген кезеңдермен болған.

Мұсылмандар салтына сәйкес, “никях” атты рәсім жасалған. Мұнымен қатар, “хитба”, “зифаф”, “сговор”, “урс”, “валима” сынды жол-жоралғылар да жасалған.

Түркияда әншіге концерт кезіндегі ерекше шоулары үшін “поп музыка патшасы” деген лақап ат берген. Таркан – ағылшын тілінде бірде-бір ән айтпай Еуропаға танымал болған жалғыз әнші.

Айта кетейік, Таркан шетел тілінде бірде-бір ән айтпай Еуропада атақты болған жалғыз түрік әншісі. Өз елінде оны "Поп-музыка ханзадасы" деп те атап кетіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1123003-turik-anshisi-tarkan-musylmandyq-dast/