Төреғали Төреәлі Германия қазақтарына концерт қояды
Опубликовано:
Белгілі әнші, айтыскер ақын Төреғали Төреəлі Еуропаның қазақ қоғамдары Федерациясы мен Кельн қазақ мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырып жатқан Еуропа қазақтары Құрылтайына қатысады.
Бұл туралы ақынның өзі «Шалқар» радиосына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Baq.kz.
"Еуропа елдерiндегi қазақ бауырларымызды туған ел тəуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі тойымен құттықтап, əн мен жырдан шашу шашуға жан-жақты дайындалып жатырмыз. "Ассалаумағалейкум!", "Жүрегiм қазақ", "Қазақстаным" сияқты əндерімді орындап, қиыр қонып, шет жайлап жүрген алыстағы ағайынның жүрек қылын шертіп, Атажұрттың сағынышты сәлемін жеткізсем деймін", - дейді әнші.
"Əр қазақ менің жалғызым" демекшi, шетелде өмір кешіп жатқан əрбір қазақ – біздің қанымыз, қабырғалы жұртымыздың бір бөлшегі. Сол себепті, олардың куанышына - куаныш, көңілдеріне ұмытылмас естеліктер сыйлап қайту - біздің де перзенттік парыз-қарызымыз деп білем. Осынау дүбірлі дүрмекке ерекше дайындығымыздың мысалы ретінде айтар болсам, Алла қаласа, Кельн сахнасында, Қазақстандық өнер шеберлері көрсететін концертте, əкем Төреəлі екеуіміз "Əке мен бала" əнін дуэтпен орындамақпыз. Əлбетте, арнайы ұлттық нақышта сахналық киім де тіктіріп жатырмыз. Онымен, əдеттегідей, жеке дизайнерім Камила Құрбани айналысуда. Жүрек тұсында күн мен қыранның бейнесі бар аспан түстес қазақ шапанының арқасында "Ұлы дала баласы" деген жазу қазақ жəне ағылшын тілінде жазылады. Сондай-ақ, Құрылтай күндері өтетін жастар арасындағы спорттық жарыстарға қатысуға да құлшынулымын. Жалпы, спорттың дзюдо, бильярд түрлерімен бірге, доп тебу де бала күннен бәріміздің сүйікті ойынымыз, – деді Төреғали Төреәлі.
Оқи отырыңыз:
Үйленгенін жасырған Төреғали Төреәлінің бар құпиясы ашылды
Төреғали Төреәлі "Алло" әнін "Балапан" арнасының жүргізушісімен орындады
Төреғали Төреәлі тағы да аурухана төсегіне таңылды (фото)
Төреғалидың әкесі ұлының неге үзбей концерт беретінін түсіндірді
Төреғали Төреәлі: Айтыста мен Ринаттың көлеңкесінде қалып қоятынмын
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1126704-toreghali-toreali-germaniya-qazaqtary/