Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың жаңа фильмінде басты рөлді әйелі сомдамайтын болды

Опубликовано:

Отандық бірқатар ақпарат құралында Қайрат Нұртастың әйелі әртістің жаңа фильмінде басты рөл сомдайтыны жайлы хабар тараған болатын. Әншінің директоры бұған қатысты өз пікірін айтты деп Tengrinews.kz.

Тілшілер бұл мәліметті әнші Сиви Махмудиге сілтеме жасай отырып хабарлады. Алайда әнші Қайрат Нұртастың директоры Лаура Сейітбек бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл тілшілердің қулығы арқылы шыққан қауесет. Сивидің фильм жайлы айта келіп "мүмкін" деген сөздерін тілшілер қасақана алып тастап отырған. Шын мәнінде қазіргі уақытта фильмнің сценариі де дайын емес. Сценариі болмаса онда кімнің қандай рольде ойнайтыны қайдан шықты? Біз Сивимен сөйлестік, мәселе шешілді", - деді әншінің директоры.

Сонымен қатар, Лаура Сейітбек жаңа фильмнің түсірілім жұмыстарына дайындықтың басталып кеткенін айтты. Фильмнің режиссері Рашид Сүлейменов. Ал атқарушы продюсері - Лаура Сейітбек.

Фильмнің бас продюсері "KN Production". Фильм жайлы толығырақ мәліметті әншінің директоры кейінірек беруге уәде берді.

Тағы оқыңыздар:

Алтынай Жорабаева неліктен ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтты

Салтанат Бақаева алаяқ бойжеткеннің құрбаны болды

Төреғали Төреәлі жеке концертіне Ерке Есмаханды шақырмады

Ninety one жігіттерінің бірі Қазақстанда әдемі қыздың барына күмән келтірді (видео)

Jado Құрманай Бахтиярқызына 2 000 доллардың көйлегін кигізді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1130229-qayrat-nurtastynh-zhanha-filminde-bast/