Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан ел алдында қайтадан табысты
Опубликовано:
"Гəкку əуендері" марапаттау кешінде Төреғали Төреəлі мен Ерке Есмахан екеуі "Алло" əнін шырқап, "Жыл дуэті" номинациясы бойынша марапатталды.
Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
"Гəкку" ұсынған сыйды қолына ұстаған Төреғали:
Өзге əннен өзгеше "Гəккудағы" əуен,
"Гəккуды" ашқан құрмет көп авторға деген.
Арасында ұстатып тұрса болды,
Гəккудың нағыз сыйлығын Аққуға берем, - деген өлең жолдары арқылы аққуға теңеп Еркеге берді.
Артынша кештің жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов осыдан бірер ай бұрын қос əншінің продюсерлері арасында болған кикілжіңді еске түсіріп: "Ертең тағы интернетте Төреəлі ағамыз бен Баян Есентаева қырлысып жатпасын", - деп Төреғалиға да тағы бір мүсін ұсынды.
Артынша Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында "Міне нағыз ерлік. Сүйікті əншілеріңіз Ұлы Дала Баласы Төреғали мен Ерке Аққу. Дəл солай...", - деп өз сезімімен бөлісті.
Оған оқырмандарының көпшілігі "Жарадың, Төреш!", "Керемет жұпсыздар", "Жаңа əндер күтеміз", - деген секілді пікірлер қалдыруда.
Сондай-ақ, кешке қатысушы Кəмшат Жолдыбаева, Серік Ибрагимов, Айқын Төлепберген, Бейбіт Құшқалиев, Бүркіт пен Аиша секілді тағы да басқа əншілер "Гəкку əуендері" марапатына ие болды.
Тағы да оқыңыз:
Дастан Оразбеков сүйген жарына арнап клип түсірді (видео)
Жазира Байырбекова халықтың несібесінен жағдайын жасап отырған дөкейлерге "қызықты"
Айдана Меденова тез тұрмысқа шыққанының себебін айтты
Қайрат Нұртас: Рейтинг қуған сайттардан шаршадым
Серікбол Сайлаубекке туған күніне су жаңа Hummer сыйлады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1132476-toreghali-toreali-men-erke-esmakhan-el/