Қарақат жары Қыдырәлінің туған күніне тоқал сыйлайтынын айтты

Опубликовано:

Бүгін танымал продюсер әрі әнші Қыдырәлі Болмановтың туған күні. Өнер иелері әншіні туған күнімен құттықтауларын кешеден бастап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Туған күн иесінің жары Қарақат өз құттықтауын ерекше жеткізіп, тоқал алып беруге келісімін берді.

«Мен жалпы өнерде де, өмірде де жолы болған адаммын... Өз бақытымды мақтану үшін емес, сезімнің құны кеткен заманда кейінгіге үлгі болсын деп айтамын... Рас, менің ерім үлгі тұтуға лайық азамат! Оның қазақ мәдениетiне сіңірген еңбегін, ұлтына деген махаббатын, отбасына деген адалдығын, маған деген құрметін, балаларына деген ықыласын сөзбен жеткізу мүмкін емес... Алла бұйыртып 11 жасымда Алматыға келдім....Алғаш рет 18 жасымда ғашык болдым...3-4 жыл бiрге жүрiп бiр арам пиғыл көрсеткен емес....Сөйтіп жүріп махаббат әлемінің есігін ашқызып, өзiне ғашык қылған нағыз Ер азаматқа тән өр мiнез, ешкiмге ұқсамайтын өзiне ғана тән болмысы, тектiлiгi еді ...Шынайы сезіммен қосылдық, отбасы, ошақ қасы үшін жаралған әйелсің, үйде отыр десе де көнер едім, бірақ жұрттың алдына шығуға лайықсың деп жарқыратып алып шықты... Қайда барса да қасынан бір елі тастамай Қақатым деп еркелетуден бір жалыққан емес... Қыдекең өсек-аяңнан қашанда биік болды, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қорғап, қолдап келедi... Дүниенің біз баспаған жері жоқ, талай төрде қонақ болдым, жарымның аялы алақанында еркелеп жүріп төрт баланы дүниеге әкелдім... Асыл азаматыма деген шексіз құрметімді жазып жеткізе алмасым анық...», - деп өмір жолында Қыдырәліден тек жақсылық көргенін баяндады.

Қарақат Әбілдина ерекше сый жасайтынын да жасырмады.

«Бүгінгі мерейлі туған күніне не сыйласам екен, қалай қуантсам екен, ырзалығымды қалай білдірсем екен деп көп ойландым... Көп....Жалпы, жақсы жар табу Алланың ең үлкен нығметі ғой, ал енді Қыдырдай ердің еріне жар болуды армандайтын бойжеткендер аз емес ... Осы жағын ескере келе мен азаматымның алтын басын құрметтей отырып, басымды ие отырып, Алла разылығы үшiн екіншi әйел алып бергенiм дұрыс болар деп шешiп отырмын», - деп тоқал сыйлайтынын білдірді.

Сөзін әрі қарай «Кешегі Құнанбайлар секiлді бiр отбасын ғана емес, бiр әулеттiң тiпті бір кауымның жүгiн көтеретiн сенде қажыр-қайрат жеткiлiктi... Сен бастаған тiрлiктiң берекесiз аяқталған кезі болған емес...», - деп жан жарына сенімділік танытты.

Оқырмандары тусiнбей қалған шыгар деген оймен «Альхамдулиллах! Бiзде барі жақсы! Иншалла жақсы болады да... Туған күнiңмен жаным!», - деп ойын аяқтады Әбілдина

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қатысты түрлі пікір білдіруде. «Туған күнге адам сыйласаңыз, бұл сенсация», «Қыдырәлі екі отбасыны бірге ұстай алатынына өз басым сенемін»,- деп қолдаушылар табылса, «Қалжыңдағаныңыз ба?», «Бірге қартайғанға не жетсін?»,- деп қарсылық танытушылар да жоқ емес.

Тағы да оқыңыздар: 

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан ел алдында қайтадан табысты

Дастан Оразбеков әйеліне арнап клип түсірді (видео)

Серікбол Сайлаубекке туған күніне су жаңа Hummer сыйлады

Қайрат Нұртас: Рейтинг қуған сайттардан шаршадым

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1132805-qaraqat-zhary-qydyralininh-tughan-kunin/