Мәдина Садуақасова инстаграмда "миллионер" атанды

Опубликовано:

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың инстграм желісіндегі достарының саны миллионға жетті.

“Миллион жан, миллион жүрек менімен бірге! Ол да бір бақыт! Әрқайсыңызға жеке рахмет. Әрқашан бірге болайық”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Әншіні тыңдармандарының бірі құттықтау ретінде арнайы тортқа тапсырыс берген.

Қазақстандық жұлдыздардың ішінде осы уақытқа дейін Баян Есентаева, Аша Матай, Қайрат Нұртас, Кәмшат Жолдыбаева, Айқын Төлепберген және Айдана Меденованың инстаграмдағы парақшаларында миллионнан астам пайдаланушы тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1133441-madina-saduaqasova-instagramda-mill/