Қыдырәлі Болманов Қарақаттың тоқал алып беруіне қалай қарайтынын айтты

Опубликовано:

Қазақстандық әнші Қыдырәлі Болманов Today.kz тілшісіне сұхбат беріп, өзінің жары Қарақат Әбділдинаның  екінші әйел алып беру туралы жазған құттықтауы жайында пікірін айтты.

Әбділдинаның жазғаны қазақстандық желіні бір дүрліктірген болатын.

"Қарақаттың маған бергені көп. Ол менің туған күніме әр елдегі достарымды шақырып, табиғат аясында керемет туған күн сыйлады. Ол маған шексіз бақыт сыйлады және ең бастысы оған деген махаббатымды күшейтті. Оның бұл ісінің де бергені мол. Ал екінші, үшінші әйелге келсек – бұл мен үшін маңызды мәселе емес. Мұны Қарақат үйде де құлағыма сыбырлап айтуына болар еді, дегенмен, ол кезде бұл құттықтау осындай әсерлі болмас еді. Мен ештеңені анықтап білмей жатып, тиісіп ала жөнелген адамдарды түсінбеймін. Ол тек өз махабатын білдірді, жай ғана әйел ретінде емес, мықты адам ретінде. Мұны жүрекпен түсіну керек. Оның үстіне маған деген сенімін 150 пайызға көрсетті. Екінші әйел алу бірінші орындағы мәселе емес, бесінші орында жатқан жайт. Біз 20 жыл біргеміз, мені ол сияқты түсінетін, ол сияқты сүйетін кім бар?" - дейді Қыдырәлі Болманов.

Еске сала кетейік, жары Қыдырәліге туған күнінде тоқал сыйламақ болған Қарақат Әбілдинаның жазбасы желіні шулатқан болатын. Кейін әнші жарына тоқал алып бермейтінін айтып, тағы да жазба жариялады.

Тағы да оқыңыздар:

Әнші Шахизада “жыртық” шалбар киемін деп жұрттың сынына қалды

Қарақат жары Қыдырәлінің туған күніне тоқал сыйлайтынын айтты

Қарақат Қыдырәліге тоқал алып бермейтін болды

Мәдина Садуақасова инстаграмда "миллионер" атанды

Былтыр 180 млн табыс тапқан Бүркіт бюджетке бір тиын да төлемеген

Қарақаттың тыңдарманы естелік үшін оның бір уыс шашын жұлып алған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1135933-qydyrali-bolmanov-qaraqattynh-toqal/