Айқын Төлепберген қызына өз әнінің атын берді
Опубликовано:
Әнші Айқын Төлепберген жақында қызды болды. Бұл туралы gakku.kz ақпарына сүйенген NUR.KZ хабарлайды.
SuperStar.KZ жобасы арқылы танылған әнші әлі күнге дейін әке атанғанын сезіне алмай жүргенін айтты. Оған себеп - гастрольдік сапарда жүруі.
"Мүмкін әзірге түсініп жатқан жоқ шығармын. Себебі, өзім гастрольдік сапарда жүрмін. Ол қызымды бір 15-20 минуттай ғана көрдім десе де болады", - дейді Айқын.
Алғашында қызына ат таңдау үшін оқырмандарынан көмек сұраған Айқын жары Әселмен ақылдаса келе, қызына Асылым деген есім берді. Айта кетейік, Айқын шырқайтын әндердің бірі "Асылым" деп аталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1136344-ayqyn-tolepbergen-qyzyna-oz-anininh/