Танымал қазақ сәнгері туған күнінде жартылай жалаңаш жігіттерді билетті

Опубликовано:

Елімізге танымал сәнгер әрі продюсер Жадыра Сахиева күні кеше өзінің туған күнін атап өтті. Алматының әсем мейрамханаларының біріне өмір мен өнердегі достарын жинап, ерекше кеш ұйымдастырды.

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Аталған кешке Нағима Есқалиева, Айжан Нұрмағамбетова, Гүлзира Айдарбекова, Ғаділбек Жанай, Әйгерім Қалаубаева, Санда, Серікбол Сайлаубек, МС Сайлаубек, Ринат Тәттібай, Мұхит Сапарбаев сынды танымал жұлдыздар мен достары келген.

Кеш барасында әсем әндер мен жүрекжарды тілектер айтылған. Достары сәнгерге күтпеген тосынсый әзірлеген. Олар сәнгерге ақ боз ат мінгізген. Мұнымен қатар, жартылай жалаңаштанған ер адамдарды шақырып, би билеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1141410-tanymal-sanger-tughan-kuninde-zhartyla/