"Жігіттер" тобындағы Айдар "әйелдің ұрысқақтығын басатын" шай шығарып жатыр

Опубликовано:

Өзіндік тыңдармандарын қалыптастырып үлгерген “Жігіттер” тобының солисі Айдар Тұрғанбеков шай шығару кәсібін қолға алды. Аталған шай түрін ол өз атымен атауды жөн көрген деп хабарлайды Stan.kz.

"Армысыздар, құрметті оқырмандарым. Сіздермен жақсы жаңалығымды бөліскелі отырмын. Жақын арада еліміздің әр сауда орындарында “Айдар” шайы сатылымға шығады. Өнермен бірге қатар алып жүретін бұл менің жеке кәсібім. Бұйырса бұл салада да біраз жетістікке жетсек деген жоспар бар. Кәсіпкерлік сапарыма сәттілік тілеп қойсаңыздар, қуанып қалар едім. Рахмет" – деп көпшіліктен сүйінші сұрады ол.

Әншінің бұл жаңалығын естіген белгілі журналист Серік Аббас-шаһ оған ерекше жарнама жасап берген.

"Айдар Тұрғанбек деген жақсы жігіт шай шығара бастапты. Оны ішкенде Арман Дүйсенов, ішпегенде Арман Давлетьяров десіп жатыр. Аталған сусыннан дәм татқан жігіттің еркектік қасиеті артып, ал әйелдің ұрысқақтығы басылады екен. "Айдарский" шай ішіңіздер", – дейді Серік Аббас-шаһ.

Бұл жарнаманың куәсі болғандар күлкіге қарқ болған. Олар шайдан бұрын, журналистің жарнамасы өтімдірек болғанын айтып жатыр.

Тағы оқыңыз:

Айнұр Ілиясова кино стиліндегі ерекше қызойнақ өткізді (фото)

Ділназ Ахмадиева сүйіктісімен бірге теңізде демалып жатыр (фото)

Рано Омарова алғаш рет жұртқа сүйіктісі мен сәбиін көрсетті (фото)

Ерке Есмаханды табынушылары Мақпал Жүнісоваға теңеді (видео)

Мақпал Жүнісова: Қазақтың жерсіз жүргені қатты алаңдатады

Намазға жығылған Қайрат Нұртас жанкүйерлерін қуантып тастады

МС Сайлаубек өзіне жасалған "қарулы шабуылдан" соң сұхбат берді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1145773-zhigitter-tobyndaghy-aydar-ayeldinh-ury/