Ерке Есмаханның бұрынғы күйеуі ірі жол апатына ұшырады (фото)

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші, көптеген бағдарламалардың авторы атанған Асхат Садырбай ірі жол апатына ұшырады.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жол апаты Жамбыл облысының Қордай ауданына жақын тұста болған.

"20-мамыр күнi журналистердiң жиынына Бiшкекке жолға шыққанбыз. Бiз мiнген такси Қордайға жете бергенде дөңгелегi жарылып 70 метрге дейiн аунап кетiп авария болды. Мен өзiм артқы орындықта ұйықтап отырғам, ештеңе де түсiнiп үлгерген жоқпын. Көзiмдi Алматыдағы аурухана реанимациясында аштым. Қасымдағы адамдардың жағдайынан бейхабармын, Мен терезеден ұшып кеткем бас сүйекке, миға қатты соққы алып, бiр-екi жерім сынып Құдайдың қалауымен аман қалдым, содан әлi емделудемiн. Әлгi таксиге қашан, қалай отырғаным есiмде жоқ. Дөңгелектерi өте ескi екен, қатты жылдамдықпен келе жатқанда жарылып кетiптi. Содан аунаған күйі 70 метрге дейін ұшып барған. Көлік иесі сол жерде көз жұмыпты. Алланың қалауымен аман қалдық, сансыз шүкiр. Мұны басқаларға сабақ болсын деп жаздым, таксиге отырарда көлiктi де жүргiзушiнi жақсылап тексерiп алыңыз. Оның үстiне бұл ақпаратты басқаша бұрмалап та айтып жүргендер бар екен, расын өз аузымнан естiген дұрыс болар деп шештiм. Біздің апатқа түскенімізді ести сала жедел жәрдем мен сауатты дәрігердерді жылдам жұмылдыруға атсалысқан аға-әпкелерге, іні, дос бауырларға алғысым шексіз. Сіздерден Алла разы болсын. Мен әлі ем алып біраз уақыт жататын сияқтымын. Ең бастысы бас аман, шүкір", - дейді Асхат Садырбай.

Әлеуметтік желі қолданушылары журналистің аман қалғанына шүкіршілік айтып, денсаулық тілеуде.

Тағы оқыңыз:

Әр қазақ түсіне бермейтін сегіз сөз

Жер комиссиясының отырысында Ғани Қалиев бәріне ұғынықты болу үшін орыс тілінде сөйлеуді ұсынды

Маңғыстауда үлкендігі тауық жұмыртқасындай ірі бұршақ жауды (фото, видео)

Иманғали Тасмағанбетов қайда жүр?

Алматының оқушылары ҰБТ-ның бірінші күні-ақ рекорд орнатты

Қарағандыда кенеттен көз жұмған оқушының қазасы қытайдың кеспесінен болуы мүмкін

Жан-Клод Ван Дамм Төреғали Төреәлінің әніне барын салып биледі 

Баян Есентаева зәулім үйін көрсетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1148824-erke-esmahannyn-byryngy-kyjeui-iri-zhol-apatyna-yshyrady-foto/