Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Садырбай халықты әртүрлі болжам жасап күнә арқаламауға шақырды

Опубликовано:

Жол апатына ұшыраған тележүргізуші Асхат Садырбай, өзінің жағдайы жақсарып келе жатқанын айтып, халықты әртүрлі болжам жасап күнә арқаламауға шақырды.

Қазастандық тележүргізуші бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Ағайын, денсаулығыма алаңдап, жағдай сұрап, дұға тілеп жатқандарыңызға алғысым шексіз. Алла разы болсын. Еш жамандық көрмеңіздер. Мен әлі ауруxанадамын, ем қабылдап жатырмын. Алланың қалауымен, сіздердің тілектеріңізбен жақсарып келе жатқан сияқтымын. Аяғымнан тік тұрып кететін күн алыс емес деп үміттенемін", – деген ол жұртты әртүрлі өсекке еріп, күнә арқаламауға шақырды.

"Сөз соңында өтінішім бар, жапырақ та Алланың қалауынсыз жерге түспейді. Апатқа ұшыраған көлікте жалғыз мен болған жоқпын. Алланың алдына шығып, әртүрлі болжам жасап күнә арқаламай-ақ қойыңыздар. Болған іс болды. Ол жерде қайтыс болған адам да бар. Сондықтан артық әңгімеден аулақ болсақ. Мен ешкімге ренжулі емеспін, маған да ешкім ренжулі емес деп ойлаймын. Алланың қалауы, Алланың ісі. Өмірде қандай жағдай болса да, қандай шешім қабылданса да барлығы әбден ақылға салынып, ой таразына түсіп барып қабылданғаны анық", – деген тележүргізуші барша жұртты қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Еске сала кетсек, Асхат Садырбай бірнеше күн бұрын жол апатына ұшыраған.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде қанды оқиғаға қатысы бар 8 адамға іздеу жарияланды (фото)

Ақтөбеде теракт кезінде қаза болған оңтүстікқазақстандық жауынгердің денесі туған еліне жеткізілді (фото)

Бақытбек Смағұл: Ақтөбедегі терактіні салафилік ағым өкілдері істегенін ашық айту керек

Ақтөбедегі шабуылды "Қазақстанды азат ету армиясы" мойнына алды

Қазақстанның барлық аумағына террорлық қауіптің «сары» түсі енгізілді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1151924-askhat-sadyrbay-khalyqty-arturli-bolzha/