Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейбіт Көшқалиев: Қазақстаннан кетіп қалғым келеді

Опубликовано:

Кезінде "KZ" тобының құрамында болып, кейінірек жеке өнерімен сахнаға оралған әнші Бейбіт Көшқалиев өзінің өнері, бүгінгі шоу-бизнес туралы ойымен бөлісті.

Бұл туралы ол "Астана" арнасындағы "Сырласу" бағдарламасында айтты деп жазады stan.kz.

"Кейде Европаға немесе АҚШ-қа кетіп қалғым келеді. Бірақ ойлайсың ол жақта да мен сияқтылар көп ғой деп. Ол да оңай емес, үлкен қаражатты талап етеді. Сосын ол жақтың өз жүйесі бар, жәй барып кіре салмайсың", – деді әнші.

Жұлдыз той бизнес пен шоу-бизнестің ара-жігі туралы да пікір білдірді.

"Мен шоу-бизнеске жақынырақпын. Мен тойдың әндерін жазбаймын. Ал негізі той әні, шоу әні деп бөлмеу керек деп ойлаймын. Өнер болған соң барлығы да шығу керек. Тойдың әнін жазып қырып ақша таппасам да, артымда өзімнің ерекше ізімді қалдырып кеткім келеді", – дейді Бейбіт.

Әнші шетелде оқып келгеннен кейін 3 жыл бойы бос жүргенін айтты. Тіпті өзінің әу бастағы мамандығы мұнай саласына да араласқысы келіпті.

"Алайда достарым мені бұл райымнан қайтарды. Өйткені бір жыл әке-шешемнің қолында, солардың асырауында жатып қалдым. Бұл деген үп-үлкен жігіт адамға қатты қиын әсер етеді екен. Әсіресе досым, продюсерім Ғалымбек Исмбергеновтың еңбегі зор. Ол Алматыға шақырып, Алланың қалауымен жолымды ашты. Екеуміз жақсы туындыларды халыққа сыйлап келеміз", – деді ол сұхбат барысында.

Тағы оқыңыз:

Олжас Құдайбергенов Ақтөбедегі теракт туралы: Экстремистердің діннен хабары жоқ

Елге бір тиын салық төлемеген шоу бизнес өкілдері салық төлеуден әлі жалтарып жүр

Павлодарда журналиске дәл үйінің алдында шабуыл жасалды (фото)

ІІМ: Ақтөбеде лаңкестік жасағандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін

Ақтөбеде қанды оқиғаға қатысы бар күдіктілерге іздеу жарияланды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1152040-beybit-koshqaliev-qazaqstannan-ketip/