Сәкен Майғазиев: Өзгенің тағдырын талқыға салып, оқырмандарым күнаxар болмаса екен

Опубликовано:

Танымал әнші Сәкен Майғазиев емханада жатқан Баян Есентаеваға сауығуын тілеп, қасиетті оразада өзгенің тағдырын талқыға салған оқырмандарын күнаxар болмауға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Ия, құдіреті күшті Алла тағаланың алдында бәріміз қауxарсызбыз. Бір сағаттан соң не болатынын, біліп, болжай алмаймыз. Іштей тілеген тілек қабыл болады деп үш күн тілеп келдік. Өз-өзіне есеп беретін қасиетті оразада өзгенің тағдырын талқыға салып (ананы-мынаны айтып), оқырмандарым күнаxар болмаса екен деп бір тоқтадым. Осындайда бір-бірімізді жылы сөзбен жұбатып, жігер бере алмасақ жақындығымыз қайсы?! Ақылды, әдемі, өнерлі, нәзік, шыншыл Баянжан, сен үшін жанын беруге дайын жанұяңмен жақын арада жүздесуіңді миллиондар тілейді", - деп жазған Майғазиев өз желі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын.

Белгілі болғандай, Бақыт Есентаев сол күні мас болған. Ол уақытша оқшаулағышқа қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша әйелін өлтірмек болды деп күдіктелуде.

Есентаев өз кінәсін мойындады. Ол енді жеті жылға сотталуы мүмкін.

Қазір продюсер ауыр халде ауруханада жатыр. Жансақтау бөлімінде жатқан Баян Есентаева бүгінде тілге келді.

Бәзбiреулер оның осы жағдайын суретке түсiрiп, әлеуметтiк желiлерде таратып жiберген.

Тағы да оқыңыздар: 

Седов жаттықтырушысын оның атынан ипотека алып, төлемей жүрді деп айыптады

Ақтөбеде жұрт терактіден кейін қару-жарақ дүкендерін жабуды талап етті

Ақтөбедегі операция кезінде олқылық жіберген лауазымды шенділер жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Алматыда ана 1,5 жастағы баласын өзенге түсіріп алды

Үкімет теракті кезінде тұрғындарды құтқару үшін арнайы ұшақ сатып алмақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1160603-saken-mayghaziev-qasietti-orazada-ozg/