Әлеуметтік желі қолданушысы Баян Есентаеваға үйленуге әзір екенін айтты

Опубликовано:

Facebook әлеуметтік желісінде Нұрталап Пернебек есімді қолданушы өзінің Баян Есентаева күйеуінен ажырасса, оған үйленуге әзір екенін білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Әйгілі продюсер Баян ханымның жағдайы ел болып талқыланып жатыр ғой. Жеке өзім ол кісімен таныстығым жоқ, бірақ талантын бағалаймын. Аман-есен ауруханадан сауығып шығуын тілеймін. Енді жұрт оны «Күйеуімен ажырасатын болды» деп жүр. Әйеліне қол көтерген еркектің барар орны белгілі ғой. Баян ханым жолдасымен ажырасып кетсе, мен ол кісіні жар етіп алуға дайынмын. Екі қызы да бой жетіп отыр екен. Өзім туралы айтар болсам, 34 жастамын. Бұрын үйленбегенмін. Бойымда кемшілігім жоқ. Алматылықпын, бүгінде Астанада тұрамын. Жұмысым тұрақты. Табысым да жаман емес», - деген ол желі қолданушыларын өзінің бұл сөздерін күлкіге айналдырмауын сұрайды.

Баян Есентаева (тұрмыс құрғанға дейінгі фамилиясы Мұхитденова)– продюсер, әнші, тележүргізуші. 1974 жылы туған. Shine Production продюсерлік орталығының жетекшісі.

10 маусым күні Баян Есентаева соққыға жығылып, Алматы облысы Талғар аудандық ауруханасына жатқызылды. Соққыға жыққан күдікті ретінде күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынды. Дәрігерлер продюсердің денсаулығы жақсарып келеді деп отыр.

Тағы да оқыңыздар:

Баян Есентаеваның отбасы туралы не білеміз?

БАҚ: Баян Есентаеваның күйеуі әйеліне қызғаныштан қол жұмсаған

Бақытбек Есентаев әуежайдан әйелін күтіп алуға пышақпен барған

Әйелін өлімші етіп сабаған Баян Есентаеваның күйеуі 7 жылға сотталуы мүмкін

Баян Есентаеваның ауруханадағы суретін таратып жіберген адам іздестіріліп жатыр

Баян Есентаеваның күйеуі кісі өлтіруге оқталды деп айыпталуда

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1161505-aleumettik-zheli-qoldanushysy-bayan-ese/