Әнші Қайрат Нұртас мешіт салдырмақшы

Опубликовано:

Жуырда намазға жығылған Қайрат Нұртас келер жылы ауылға мешіт салдыруды жоспарлап отыр деп хабарлайды stan.kz.

Бұл жаңалықты әншінің досы Ринат Баситов "Дара жол" бағдарламасында айтып қалды.

Отандық бағдарламалардың біріне қонаққа келген Ринат Баситов өзінің ғана емес, досының да жоспарларымен бөлісуді жөн көрген. Әншінің сөзіне сенсек, алдағы уақытта әріптесі Қайрат Нұртас мешіт салдырмақшы.

"Қайрат біреудің бір жақсылығына мың жақсылық жасайтын адам. Келер жылы ауылға мешіт салсам деген ниеті бар. Мен Қайраттай досымның бар екендігіне өкінбеймін. Оның жүрегі нәзік, таза. Адамдармен өте жақсы араласа алады", – дейді Ринат Баситов.

Ал әзірге әншінің мешітті қай ауылға салдыратыны белгісіз.

Тағы оқыңыздар:

Мұхамедиұлы допинг дауына іліккен қазақстандық спортшыларға қатысты түсінік берді

Илья Ильин бүгінгі ақпаратты естіп, шалқасынан түсе жаздады

Владимир Седов ауыр атлеттердің допинг дауына ұшырауына бас бапкерді кінәлады

Тамара Дүйсенова Ақтөбенің дәрігерлерін ұйықтатып тастады

Ақтөбеде биыл мектеп бітірген түлек көршісінің 3 жасар ұлын зорлаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1162425-anshi-qayrat-nurtas-meshit-saldyrmaqshy/