Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та тұратын қазақ қызы Mrs.Asia Hollywood Queen-2016 байқауында бас бәйгені жеңіп алды (фото)

Опубликовано:

АҚШ-тың Калифорния штатында тұратын күйеуі америкалық қазақ қызы Жанна Стинсон (Досмұхамбетова) осы елде 28 мамырда өткен Mrs.Asia Hollywood Queen-2016 байқауында бас бәйгені жеңіп алды.

Бұл туралы asiarussia.ru ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Жанна Стинсон осымен сұлулық байқауына екінші рет қатысып отыр екен.

«Мен бірінші рет Ms.&Mrs.Asia USA конкурсына 2014 жылы қатысып, екінші орын алдым. Бірінші бестікке енген қатысушыларды осындай әртүрлі шараларға жиі шақырып тұрады. Мен көбіне қатысудан бас тартамын. Себебі, оларға қатысуға уақытым да, қызығушылығым да жоқ. Бұл жолы да солай еткенмін. Бірақ әріптестерім қатысуға көндірді», – дейді ол.

Жанна Ақтау қаласында туып өсіпті. АҚШ-қа бұдан 16 жыл бұрын қоныс аударып келген. Күйеуі және 15 жасар ұлы бар.

Тағы оқыңыздар:

Сарапшылар қазақстандық ауыр атлеттерді үлкен саясаттың құрбаны деп атады

Талдықорғанда полицей мас ер адамнан әйелді қорғаймын деп көз жұмды

Үкімет 8 миллиардқа жуық теңгені тағы игере алмаған

Америка түрмесінде жазасын өтеп шыққан Азамат Тәжияқов елге оралды (фото)

Сенатор жат ағымды дәріптейтіндердің телеарналарда жұмыс істеуіне тыйым салуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1163071-aqsh-ta-turatyn-qazaq-qyzy-mrs-asia-hollywood-queen-2016-bayqau/