Асхат Тарғын гректерден ән ұрлаймын деп ұятқа қалды

Опубликовано:

Отандық әншілер енді гректерден көшіруде. Әнші Асхат Тарғынның "Қарындас" әні грек әншісі Танос Петрелистен ұрланған болып шықты. Бұл туралы "Гәкку" арнасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Танос Петрелис жеті жыл бұрын “Даника” атты трек шығарған екен. Тарғынға бұл ән ұнағаны соншалық, ол еш жерін өзгертпей тура сол күйі әнді орындап шыққан. Тек сөздері қазақ тілінде демесең, әннің сарынында да еш айырмашылық жоқ.

Асхаттың өзі болса, әннің ұрланған екенін білмейтінін айтып, ат тонын ала қашты. Ол әнді автор Есен Жүсіпов ұсынғандықтан, барлық сұрақ соған қойылуы тиіс екенін алға тартқан.

"Мен мүлдем білмедім, әнді жазылған күйі маған алып келіп, ұсынды. Тыңдап шықтым. Маған ұнағасын  алдым", - дейді Асхат.

Десек те, Асхаттың Таностан айнытпай ән салғаны күдік ұялатады. Себебі әннің тек әрленуі ғана емес, орындау мәнері де қайталанған.

"Маған ешкім ештеңе айтпады. Тек осындай ән бар деді. Мен оны тыңдағаннан кейін ұнатып, айтуға бел будым", - деп сендіруге тырысты әнші.

Гәкку арнасы ендігі бұл әнді эфирге шығармаймыз деп шешкен.

Тағы оқыңыздар:

Мәсімов Ақтөбе облысының жұртын не мазалайтынын айтты

Әбенов АҚШ-тың түрмесінен босап шыққан студентті "жарнамалағандарға" шүйлікті

Мәсiмов 10 сотық жерді қазақстандықтарға бөлуге қатысты ойын айтты

Үкiмет ендi соңғы шешiм қабылдамас бұрын халықпен ақылдасатын болады

Жараланған «Пантера» қару-жарақ дүкенінің сатушысы содырлардың қалай шабуыл жасағанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1163519-askhat-targhynnynh-grekterden-urlagha/