Баян Есентаева өзіне қолдау көрсеткен халқына ризашылығын айтты

Опубликовано:

Соққыға жығылған Баян Есентаева өзіне қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Түнерген күннен кейін үнемі күн шығады! Мен оны әрқашан білгем! Күнді бұлтпен, найзағаймен, жаңбырмен жауып қоюға болады, алайда ол шын мәнісінде жарқыраса, шуағы міндетті түрде сыртқа шығады! Дұға-тілектеріңізге, қолдауларыңызға, түсіністікпен қарағандарыңыз үшін, мейірімділіктеріңіз үшін алғыс айтамын! Менің бүкіл өмірім, үміттерім, армандарым, тек жарқын және жақсы сәттермен ғана байланысты болмақ! Сіздердің дұға-тілектеріңіздің арқасында шығар, мен әлі де өмір сүргім келеді, сүйгім келеді!", - деп жазды Баян Есентаева өзінің желдегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын.

Белгілі болғандай, Бақыт Есентаев сол күні мас болған. Ол уақытша оқшаулағышқа қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша әйелін өлтірмек болды деп күдіктелуде.

Есентаев өз кінәсін мойындады. Ол енді жеті жылға сотталуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Депутат бюджет ақшасын оңды-солды шашқан Ерболат Досаевқа шүйлікті

Назарбаев: Қазақстан президенті әйел адам болуы мүмкін

Америкалық азамат қазақ тілін "Барахолкада" жүріп үйреніп алған

Алматыда нөсер жауын алдағы үш-төрт күнде толастамайды

Ақмола облысында сарбаздың әлімжеттіктен көз жұмғанын жасырған әскерилерді оңдырмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1164333-bayan-esentaeva-ozine-qoldau-bildirge/