Ләйлә Сұлтанқызы Алматыда кітабының тұсауын кесті

Опубликовано:

Алматыда Ләйлә Сұлтанқызының “Менің екінші кітабым” атты кітабының тұсаукесері өтті деп хабарлайды comode.kz.

18 маусым күні Алматыда атақты тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының кітабының тұсаукесері өтті.

Кітаптың тұсаукесерін алматылықтар ұзақ күтті. Сол себептен, сағат 18.00-де "Меломан" кітап дүкендері желісінде аяқ басар жер болмады.

Жиналған адамдардың көптігі соншалық, тіпті дүкеннің екі қабатына сыймай, сыртта күткендері де бар.

Тұсаукесер барысында Ләйлә ханым жиналған оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, артынша қолтаңба сессиясын өткізді. Күтпеген жерден кітаптың тұсаукесері нағыз тұсау кесу рәсіміне ұласты: тележүргізушіге алдын ала Әмина және Фатима есімді екі егіз бүлдіршіннің тұсауын кесу туралы сұраныс келіп түскен екен.

Ләйлә ханым бұл сұранысты жауапсыз қалдырмай, бүлдіршіннің біреуінің тұсауын өзі кесіп, екішісі кештің шақырылған қонағы Жанар Дұғаловаға бұйырды.

Тұсаукесердің жүргізушісі болған - Тәуекел Мүсілім. Тәуекел мен Жанардан басқа кештің арнайы қонағы ретінде Дина Төлепберген шақырылды. Сонымен қатар, авторды қолдауға оның жақын достары мен таныстары жиналды.

"Менің екінші кітабым" атты Ләйлә Сұлтанқызының кітабы қазақ әйелдеріне арналып, бірталай өзекті мәселелерді қозғайды.

Тағы оқыңыз:

Баян Есентаева ауруханадан шығарылды

АҚШ-тағы саентологтардан қызын қайтара алмай отырған отбасы Назарбаевтан көмек сұрады

14 жастағы қазақ қызы төрт зорлаушының бірінен жүкті болып қалды

Имам мәһрге үй немесе көлік сұрайтын аруларды сынға алды (видео)

Қазақстанның басым аумағында өткінші жаңбыр жауады

Жамбыл облысының полициясы Тараздағы атысқа қатысты түсініктеме берді

ІІМ Бестөбедегі алтын кен орнындағы атысқа қатысты түсініктеме берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1165541-layla-sultanqyzy-almatyda-kitabynynh/