Қайрат Нұртастың Меккеде кептерлерге жем шашуы күлкіге айналды (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртастың Меккеде кіші қажылықта жүріп, кептерлерге қайырымдылық ретінде бір қап жем шашуы әлеуметтік желілерде әжуаға айналды.

Өзінің Instagram-парақшасында Қайрат Меккедегі кептерлерге бір қап жем шашып, қайырымдылық жасап жатқан сәті түсірілген видеомен бөлісті.

Әншінің сондай-ақ Әл-Харам мешітіне барып, Қағбаны айналған бейнеролигі YouTube видеопорталында жарияланды.

Аталған роликте әнші қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бақыт тілеген. Қазақстандық жұлдыз кіші қажылыққа "Жігіттер" тобының мүшесі Айдар Байжановпен жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1165767-qayrat-nurtastynh-mekkede-kepterlerg/