Қайғылы терактіден соң «Музарт» тобы Ақтөбеге арнайы келіп, тегін концерт қойды

Опубликовано:

Терракт оқиғасынан кейін қазақстандық өнер жұлдыздарының ішінде «Музарт» тобы алғашқылардың бірі болып, Ақтөбеге арнайы келді. Танымал топ халықтың еңсесін көтеру үшін тегін концерт қойып кетті.

Орталық саябаққа ағылған ақтөбеліктердің санында есеп жоқ деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Қазалы отбасыларға қайғырып көңіл айтамыз. Жазықсыз жапа шеккен жандардың барлығына сіздермен бірге екенімізді білдірейік деген ниетіміз бар. Біз сіздерді жылатуға емес, жұбатуға келдік, ағайын. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын! Баршамызға тыныш мемлекетте ғұмыр кешуге нәсіп етсін. Ұрпақтарымыз адаспасын, болашағы жарқын болсын! Көзімізден шыққан жас тек қуаныштың жасы, қуаныштың тамшысы болсын дегіміз келеді», - деді Сәкен Майғазиев.

Бес мыңнан аса тұрғын «Музарт» әндеріне биледі. Халықтың ықыласы шексіз. Ақ жаулықты аналар, жастар, бүлдіршіндер бейбіт күннің әндерін тыңдады. Жұлдызды топ 15 жылдықтарына арналған концерттерін Ақтөбеден бастап жатқандарын айтты.

«Биыл біздің топқа 15 жыл. Қуанышымызды Ақтөбе қаласынан бастап жатырмыз. Сіздердің ақ баталарыңызды алуға келдік. Еңселеріңізді көтеруге, жақсылықты, бейбітшілікті насихаттауға келдік. Исламға кір келтіріп жүрген түрлі ағымдардан аулақ болайық. Ата-бабаларымыз тер төгіп жеткен Тәуелсіздігімізді құрметтейік»,- деді "музарттықтар".

Концертке Бердібек Сапарбаевтың өзі арнайы келіп, «Музарт» тобына ақтөбеліктердің атынан алғысын айтты.

«Елдегі болып жатқан жағдайға бей-жай қарамай, ақтөбеліктердің көңілін көтеруге келген сіздерге рахмет. Кешегі оқиғадан кейін бұл жігіттердің өздері «Ақтөбе жұртына тегін концерт жасайық» деген ұсыныс жасады. «Халықтың көңілін көтерейік, қасында болайық» дегендері біздің, елдің мерейін өсіреді. Сондықтан сіздердің аттарыңыздан осы топқа шығармашылық табыс тілейміз. Мемлекетіміздің абыройын арттыра беріңіздер. Елімізде тыныштық, берекет болсын. Әр отбасы балаларына жақсы тәрбие, білім берсе, бізде тыныштық та, берекет те, абырой да болады», - деді Ақтөбе қаласының әкімі Бердібек Сапарбаев.

«Музарт» тобы Оңтүстік Астананың жалынды салемін ақтөбеліктерге әнмен жеткізді.

Тағы оқыңыз:

Веллер: Қазақтардың ата-бабалары Ресейге мемлекеттік әперді

Елдегі "байсалды сәләфилердің" көбі халықты кәпір санап, ата-анасынан бездіреді

Баян Есентаева ауруханадан шығарылды

АҚШ-тағы саентологтардан қызын қайтара алмай отырған отбасы Назарбаевтан көмек сұрады

14 жастағы қазақ қызы төрт зорлаушының бірінен жүкті болып қалды

Алматыда мәһрге "Камри" сұраған қалыңдықты жігіт неке қию кезінде тастап кетті

Қазақстанның басым аумағында өткінші жаңбыр жауады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1165782-qayghyly-teraktiden-sonh-muzart-toby/