Қайрат Нұртас Мекке-Мәдинәдағы суреттері үшін сөкпеуді сұрады
Опубликовано:
Қайрат Нұртас қасиетті Мекке мен Мәдинаға кейбірі сынап жатқандай, мақтанып, жария ету үшін емес, жүрек қалауыммен келдім деп ақталды. Бұл туралы ол өзінің инстаграмдағы парақшасында хабарлады.
"Менің сүйікті оқырмандарым, бұл қасиетті қалаға Алланың қалауымен табан тіредік. Кейбіріңіз жазып жатқандай жұртқа жария түрде мақтану үшін емес, жүрек қалауыммен келдім! Тек осы қуанышыммен, ерекше толқынысыммен бөлісіп, сіздердің де жүректеріңізде осы жаққа келуге құлшыныс пайда болса деп бөлісудемін! Себебі шын қалап, Алладан сұрасаңыз бәрін өз көзіңізбен көруге мүмкіндік беру оған оп-оңай!", - деп жазады әнші.
Танымал жұлдыз сондай-ақ ерсі, ашық-шашық дүние толған ғаламторға Алланың үйін салуды әбестік емес, керісінше жақсылық, тәлім-тәрбие ретінде қабылдауды сұрапты.
Сөз соңында Нұртас барша 1 млн 200 оқырманына жәннатқа лайық болып, қасиетті жерге табан тіреуді Алла нәсіп етсін деген тілегін білдіріпті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1168149-qayrat-nurtas-mekke-madinadaghy-suret/