"Меломен" тобының әншісі "тақуа мысықты" жолықтырды

Опубликовано:

"Меломен" тобының әншісі Жігер Ауыпбаев желі парақшасында басынан өткізген қызықты жағдай туралы айтып берді. Ол мешіт маңынан "тақуа мысықты" жолықтырған екен.

"Рамазан айының алғашқы күні еді. Таң намазының азаны шақырылғанын ести салысымен бір нәрседен құр қалып қоятындай мешітке ентелеп жүгірді. Мешіт ішіне кіріп азан біткенше тапжылмай отырған ол, азан айтылып біткен соң намазға жиналған жамағатпен амандасқан сыңай танытып, әрқайсысының аяғына денесін бір сүйкеп келіп, Имам отыратын мінбардың үстіне шығып жайғасты. Таң намазы оқылып бітіп, имам тасбиx тартып, құран оқып, дұға жасап біткенше орнынан қозғалмай отырды", - деп мысықтың әрекеттерін баяндаған әнші оның фотосымен де бөлісіп үлгерді.

Жігер Ауыпбаев жүрегі мешітке байланған мысықты өз көзіммен көргенін сөз етті.

"Имамның жүректі тебірентер дұға-тілегі біткеннен кейін мінбардан түсіп жамағатпен дидарласты. Бәрі намаздан кейін жамырап үйлеріне тараса бастағанда, бұл мешітте қалып қойған еді... Міне рамазан айының соңғы он күндігі де кірді. Зулап өтіп жатқан уақыт... Жүрегі мешітке байланған Алланың құлдары жайлы еститін едім. Бірақ жүрегі мешітке байланған мысық жайлы естіп, көргендеріңіз бар ма? Ал мен өз көзіммен көріп жүрмін. Күні менен түнін мешітте өткізеді. Құран оқи алмайды. Бірақ құран оқыған адамды жақсы көріп, жанынан шықпайды. Не деген таза жүрек десеңізші. Мешітке келіп Раббысына зікір жасайды... Ал "біз" қандаймыз?", - деп сауал тастады ол.

Әнші егер бұл "тақуа" мысықпен танысқыларыңыз келсе, Алматы қаласындағы "Таугүл-3 мешітіне" барсаңыздар болады" дейді. Мысық бес уақыт намаз бойы сол мешітке келіп кеткен жамағатты күтіп алып, шығарып салып отырады екен.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанды әйел адам басқаруы мүмкін бе?

Назарбаев: Соғыс жоқ, алайда соғыс жүріп жатыр

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Спортшыларға берілетін сыйақыны тартып алмаймыз

Айтаханов Ауыл шаруашылығы министрлігін қайта құруды ұсынды

Отандық журналист арабша сөйлеуді сәнге айналдырғандарға шүйлікті

Сенатор Тасмағамбетовтен әскерден табытпен қайтып жатқандарға қатысты түсініктеме беруді талап етті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1170057-melomen-tobynynh-anshisi-taqua-mysyqty/