Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айнұр Тұрсынбаеваға үш рет шабуыл жасалды

Опубликовано:

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның желідегі парақшасына үш рет шабуыл жасалды.

Айнұр Тұрсынбаева Instagram желісіндегі парақшасына үш рет шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Ол уақытылы құпия сөзді ауыстырып үлгеріп, құзырлы органдарға көмекке жүгінген екен.

“Үш-төрт күннен бері парақшамды тек оқырмандарым қарай алатындай жауып қойғанмын. Ал кешеден бері бір кісілер менің Instagram парақшамды бұзумен айналысып жатыр. Үш рет бұзып, мен құпия сөзді ауыстырып үлгердім. Бүгін амал жоқ ҰҚК-ге арыз жаздым. Олар табу үшін поштам мен парақшамның құпия сөзін сұрады. Амал жоқ бердім. Қалай ойлайсыздар, олардың мақсаты не?” – деп сұрақ қойды Айнұр Тұрсынбаева.

Желі қолданушылары болса, айтыскер ақынның бұл сұрағына жауапты тек бұзақылардың өздері бере алатынын алға тартқан.

"Əртүрлі ниеттегі адамдар бар, жақсы ниеті бар болса оқып, ойға түйіп қана жүрер еді деп ойлаймын", "Олардың арам пиғылдарын өздері ғана білер. Сіздің қай жағыңыздан, қай қырыңыздан мін іздеп жүргендерін білмедім", "Əйтеуір біреудің өміріне араласу ғой", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Тағы оқыңыз:

Қарағандыдан кейін күйдіргі дерті Шығыс Қазақстан облысынан шықты

Елімізде шенеуніктерге тым қымбат киім киюге тыйым салынбақ

Ертіс ернеуінен асып, Өскеменді топан су басты

Қазақстан Орта Азиядағы ең бейбітсүйгіш ел болып танылды

Қарағанды облысында "Сібір жарасынан" көз жұмғандарды дәрігерлер бірнеше күн тентіреткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1171589-aynur-tursynbaevagha-ush-ret-shabuyl-zhas/