Тыңдармандарымен бәстескен Диана Шарапова 2 тарақан жеп қойды (фото)

Опубликовано:

Диана Шарапова бәстен ұтылып, өзі уәде еткендей тарақан жеді деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Шарапованың отбасымен бірге Тайланд елінде демалып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Демалысының суреттерін жариялаймыз деп жұлдызды отбасы сын астында қалған-ды.

Енді міне әнші бәстен ұтылып, тарақан жеуге мәжбүр болды. Ол өзінің инстаграм желісіндегі парақшасына тарақандардың суретін жүктеп, аталған суретке 500-ден жоғары лүпіл қойылса, тарақан жеуге уәде еткен-ді.

Аз уақыт ішінде аталған суретке 500 емес, 1000-нан астам лүпіл қойылып үлгерген. Осыдан кейін әнші өз сөзінде тұрып, екі тарақан жеді.

"Желідегі достарымның сұрауы бойынша оларды жедім. Шегірткенің суретіне мен күткеннен де көп лүпіл қойылды. Уәдемді орындамасқа амалым болмады", – дейді әнші.

Шарапова өзінің тарақан жеп отырған сәтін дәлел ретінде видеоға түсірген екен. Көпшілік оның әрекеті жиіркенішті болса да, өз сөзінде тұрғанына риза болды.

Тағы да оқыңыздар:

Лондондық біржынысты полицей өзінің "сүйіктісіне" тізе бүгіп ұсыныс жасады

Аяғына екі түрлі шұлық киген Кәрім Мәсімов жұрттың күлкісіне қалды (фото)

27 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Командасының жеңісіне қуанған исландиялық комментатор өңешін жыртып алды (видео)

Березовка тұрғындарына арнап үй салуға БҚО әкімінің өзі кірісті (фото)

Түркияда Ердоғанды мазақтаған блогерді әкелік құқығынан айырды (фото)

Ирандық жігіт "таудай" бұлшық еттерін көрсетіп мақтанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1172833-tynhdarmandarymen-bastesken-diana-sha/