Актриса Аида Жантілеуова қысқа көйлегі үшін сынның астында қалды

Опубликовано:

«Базарбаевтар» телехикаясында келін рөлін сомдаған Аида Жантілеуова өмірде де шаңырақтың келіні атанған. Алайда актрисаның келіндік өмірінен түскен фотосы көпшіліктің сынына ұшырады.

Танымал актриса "келiндiк службадан ыстық суреттi қабыл алыңыздар" деген жазбамен өзінің фотосын желіге жүктеген.

Алайда оны көрген табынушылары актрисаға тым қысқа көйлек кидің деп жарыса сын айтуда.

"Көйлегіңіз келін дегенге келмейді", "Көйлек қысқа, қол ашық, Базарбаевтардағыдай халат кисеңіз тіпті әдемі болар еді", "Не көйлекті басқа ету керек, не орамалды шешу керек", - деп жазған желі қолданушылары.

Бұл сындарға актриса бірден жауап берген.

"Ораза айында ұрысып, айтысып бiрдеңені дәлелдемек болған жандар... Иманыңыз мықты, аузыңыз берік, Ораза айына құрметіңіз жоғары болса, біреу туралы айтып, күнаға бекер батпаған болар едіңіз... Мені түзеп, маған жол сілтеп, маған ақыл айтқанша, өзіңіз үшін есеп бергеніңіз дұрысырақ болар еді. Шорты мен лямка киіп түспегеніме рахмет айтыңыздар", - деп жазған Аида өз парақшасында.

Тағы да оқыңыздар:

Лондондық біржынысты полицей өзінің "сүйіктісіне" тізе бүгіп ұсыныс жасады

Аяғына екі түрлі шұлық киген Кәрім Мәсімов жұрттың күлкісіне қалды (фото)

27 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Командасының жеңісіне қуанған исландиялық комментатор өңешін жыртып алды (видео)

Березовка тұрғындарына арнап үй салуға БҚО әкімінің өзі кірісті (фото)

Түркияда Ердоғанды мазақтаған блогерді әкелік құқығынан айырды (фото)

Ирандық жігіт "таудай" бұлшық еттерін көрсетіп мақтанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1172968-aktrisa-aida-zhantileuova-qysqa-koyle/