Қарақат Әбілдина қыз-келіншектерге үнемі орамал тағып жүруге кеңес берді
Опубликовано:
Әнші Қарақат Әбілдина қыз-келіншектерге үнемі орамал тағып жүруге кеңес берді.
Әбілдина желі парақшасында орамалдың маңыздылығын сөз етті.
"Қасиетті Рамазан айында Ораза ұстап, біраз тәубемізге келіп жақсы болып қаламыз. Өз басым неше түрлі қылып орамал тағынған қыз-келіншектерді көргенде сүйсінемін. Жайшылықта неге осылай жүрмейді екенбіз деген ой келді. Әттең… Бұйырса, оған да келерміз. Иншалла, ең бастысы, ниетіміз түзу болсын! Баршаңызға Иман байлығын тілеймін" – деп жазған Қарақат Әбілдина.
Желі қолданушылары болса, әншінің бұл ойына жарыса қолдау білдірді.
"Соны айтамын, жайшылықта неге тақпайсыңдар? Əлде ұят көресіңдер ме? Барлық əншілеріміз Рамазан айында иманды болып орамал тағып қалыпты. Ертең Рамазан айы біткен соң бəрі лақтырады орамалдарын", - деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.
Ал енді бірі әншінің жүктеген фотосын көріп, боянғаны үшін сын айтып үлгерген.
"Қасиетті Рамазан айында əйел адамға боянуға болмайды, егер де ораза ұстап жүрсеңіз", - деп ескерту жасады желі қолданушысы.
Тағы да оқыңыздар:
Астана билігі үйін жарып жібермек болған тұрғынға небары 2 млн 600 мың теңге бермек болған
Жауапқа тартылмайтынына сенімді қызылордалық полицейлер жол ережелерін қалай өрескел бұзады?
Сұлтанов: Қазақстан қарыз көлемі жөнінен 12-орында тұр
Мәсімов Әбдібековке Сібір жарасы өршитін болса, жеке жауапкершілікке тартатынын ескертті
Қарағанды облысында тұрғындардың Сібір жарасын қалай жұқтырғаны белгілі болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1173333-qaraqat-abildina-qyz-kelinshekterge-u/