Атышулы Ninety One тобы жұртты жаңа образдарымен таң қалдырды (фото)

Опубликовано:

Ninety One тобының құрылғанына маусымның 26-сында 300 күн толды. Осыған орай, жігіттер шоу-бизнестегі екінші жылдарына жаңа образбен қадам басуды жөн көрген деп хабарлайды Stan.kz.

Жуырда аталған топ Moschino брендінің жаңа топтамасын таныстырды. Esentai Mall сауда орталығындағы шараға келген тыңдармандары жігіттердің жаңа образдарын көріп қайран қалды.

Әлем мен Заг шаш түстерін өзгерткен екен. Әлем сарғыш түске бояса, Заг жасыл түсті құп көрген.

Артынша әлеуметтік желілерден суреттерін көрген тыңдармандары түрлі пікір білдірді. Хейтерлердің "орынсыз" пікіріне ашуланған желі қолданушысы түрлеріне назар салмастан, жәй ғана әндерін тыңдауға кеңес берді.

"Қазақтар, жынға тиесіңдер. Әншілердің сырт келбеттеріне емес, тек әндерін бағалауды қашан үйренесіңдер? Құдай үшін, суреттерін қарамас бұрын олардың әндерін тыңдап алыңдаршы", – дейді ол.

Мұнымен қатар, желі қолданушылары Ninety One тобының суреттерін фотошоппен өңдеп, хейтерлерді әжуалаған.

Тағы да оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек: Бізді сәләф дейтіндер отпен ойнап жүр

Түркия ауруханасында дүниеге келген нәрестеге қомақты қаржы қажет

Сарапшы: Лаңкестерге сырттағы шейхтары "өз елдеріңде күресіңдер" деген тапсырма беруі мүмкін

Елімізде сүт өндіретін компаниялар өнім құрамына түрлі қоспа араластырып, жұртты алдаған

Сұлтанов сыйлыққа салық салу ойынан айнып қалды

Атышулы Тоқтар Төлешов 4 әйеліне ай сайын 200 млн жалақы төлеп келген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1173705-atyshuly-ninety-one-toby-zhurtty-zhanha-obrazdary/