Жұрт Төреғали мен Қайраттың бір-біріне еліктеп жүргендерін айтты

Опубликовано:

Қос әншінің тыңдармандары олардың бір-біріне еліктеп жүргендерін айтты. Мұнымен қатар, Төреғали мен Қайраттың кей қылығын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін тыңдармандары Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі және Ернар Айдар үшеуін салыстыратын. Олардың өзара бір-біріне еліктеп жүргендерін айтып әжуалағандар да болған-ды.

Жұрттың бұл сөзінің жаны бар сыңайлы. Себебі, әншілер ұқсас стильдегі әндерді орындап қана қоймай, ұқсас киімдер киеді. Тіпті, әншіліктен бөлек қолға алған кәсіптері де бірдей.

Төреғали Төреәлі әріптесі Қайрат Нұртас секілді өз атынан киімдер дүкенін ашқан. Мұнымен қатар, әріптесі секілді өнер жолын Қазақстанның түкпір-түкпірін аралаудан бастаған. Барша Қазақстан біле бермейтін кішкене ауылдарға да барып концерт қойған.

Десе де, әншілер жұрттың сөзіне көп мән бермейтін сыңайлы. Олар Каспий теңізіне барып демалып қайтқан-ды. Аталған демалыстағы суреттерін көрген желі қолданушылары оларды бір үйдің егіз баласына теңеді. Мұнымен қатар, Төреғалиді “танауын шүйіріп тұр” деп өзімшілдігін айтып сынағандар да болды.

Бірі  “Екеулеріңіз ұқсайсыздар. Өнерлеріңізге табыс тілеймін”, “Екеуіңнің достықтарың мәңгі болсын”, “Қазақтың қара балаларының қаймақтары” десе, екіншілері  “Шаштарын –ай құрсын”, “Екеуің бір-біріңе еліктеп жүрсіңдер ме?” деген сынды пікірлер білдірген.

Еліктеуге қатысты әншілердің өзі пікір білдірмесе де, продюсерлері жауап берген. Олар халық не десе де, әрқайсысының дара жолы бар екенін айтады.

Тағы да оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек: Бізді сәләф дейтіндер отпен ойнап жүр

Түркия ауруханасында дүниеге келген нәрестеге қомақты қаржы қажет

Сарапшы: Лаңкестерге сырттағы шейхтары "өз елдеріңде күресіңдер" деген тапсырма беруі мүмкін

Елімізде сүт өндіретін компаниялар өнім құрамына түрлі қоспа араластырып, жұртты алдаған

Сұлтанов сыйлыққа салық салу ойынан айнып қалды

Атышулы Тоқтар Төлешов 4 әйеліне ай сайын 200 млн жалақы төлеп келген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1173722-zhurt-toreghali-men-qayrattynh-bir-birin/