Баян Есентаеваны күйеуі пышақтағанын сөзжұмбаққа енгізгендер жаға ұстатты (фото)

Опубликовано:

Баян Есентаеваны күйеуі пышақтағанын сөзжұмбаққа енгізгендер жаға ұстатты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Оғаш сөзжұмбақты Азамат Сәрсенбаев есімді тұрғын байқаған. Ол өз Facebook парақшасында сөзжұмбақ шешіп отырып, ішінен біртүрлі сұрақ көріп қалғанын жазған.

Онда Баян Есентаева мен күйеуінің фотосының астына "Бақытбек үшін пышақ ұруға "қолайлы" жер" деп жазылған екен.

Азамат сөзжұмбақтың фотосын желіге жүктеп, "Бұл сөзжұмбақты жасаған адамның ақыл-есі дұрыс емес болуы керек" деген пікір білдірген.

Мұны оқыған желі қолданушылары да сөзжұмбақ авторын сынға алған.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын.

Белгілі болғандай, Бақыт Есентаев сол күні мас болған. Ол уақытша оқшаулағышқа қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша әйелін өлтірмек болды деп күдіктелуде.

Есентаев өз кінәсін мойындады. Ол енді жеті жылға сотталуы мүмкін.

Бәзбiреулер оның осы жағдайын суретке түсiрiп, әлеуметтiк желiлерде таратып жiберген.

Тағы да оқыңыздар:

Қасымов желіде таралып кеткен Баян Есентаеваның суретіне қатысты пікір білдірді

Владимир Божко орыс тіліне қарсы шыққан украиналық саясаткерді "жезөкше" деп атады

ҰБТ-да 40 "Алтын белгі" шығарған мектептің сыры неде?

Террористер ойран салған Ақтөбе қалыпты өміріне орала бастады

Атышулы "ЭКСПО-2017" көрмесінің билеттері тұрғындарға жеңілдікпен сатылатын болды

Баян Есентаеваның күйеуі өз кінәсін мойындады

Орландодағы оқиға: 50 гейді атып тастаған кім?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1173789-bayan-esentaevany-kuyeui-pyshaqtaghany/