Мақпал Исабекова бүгінге дейін барлық тыңдарманын алдап келген

Опубликовано:

Пластикалық ота жасаттым деп жар салып келген Мақпал Исабекова тыңдармандарын алдап келгенін айтты. Әнші хирургтерге жүгінбеген, тек ота жасаттым деп қалжыңдаған болып шықты, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Осы уақытқа дейін қабағына пластикалық ота жасаттым деген әнші, мұның дәлелі ретінде видеосын да салған болатын.

Видеоны көрген тыңдармандар одан ота жасатқан хирургі туралы сұрап, мазалай бастаған болуы керек, Мақпал Исабекова әрқайсысына жеке-жеке жауап беріп отырмас үшін бұл туралы парақшасында жазуды жөн көрген.

«Маған еуропалық қабақ немесе блефаропластика жасаған хирург жер бетінде жоқ. Тағы да айтамын, мұндай адам жоқ! Әрине, мұндай ота жасайтын хирург мамандар бар, алайда мен ешқашан олардың көмегіне жүгінген емеспін. Менің қабағым өзімдікі, оны сондай жақсы көремін.

Кейін қартайғанда кей терімді кестіретін шығармын, дәл қазір қажеттілікті сезінбеймін. Superstar кезінде инстаграм болмағандықтан, менің бұрын толық болғанымды көп адам біле бермейді. Осыдан 6-7 жыл бұрын бетім томпақ болып қабағымды жауып тұратын», – дейді әнші.

Десе де, әлеуметтік желі қолданушылары әншінің бұл сөзіне сене қоймаған сыңайлы.

«Жарайды енді өтірік ақталмашы. Маған сенің пластикалық ота жасатқан, жасатпағаның бәрібір. Жұрт не десе де, тәнің өзіңдікі ғой», - дейді желі қолданушыларының бірі.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі жас келіндер күйеуінен "мәхр" сыйлығы үшін пәтер мен құндыз тон сұрайтын болған

Стамбулдағы Ататүрік әуежайында жантүршігерлік жарылыс болып, 36 адам қаза тапты (фото)

Қоғам қайраткерлері Білім министрінен қазақ тіліне бөгет жасамауды сұрады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Қытай қалашығы" туралы не білеміз?

Алматыда студенттердің ақшасын жымқырған есепшілер жеңіл жазамен құтылып кетті

АҚШ-тағы гей-парадқа Қазақстанның көк байрағын қазақ қызы алып шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1175126-maqpa-isabekova-buginge-deyin-barlyq/