Мақпал Жүнісованың шашы көпшіліктің таңданысын тудырды (фото)

Опубликовано:

Танымал әнші Мақпал Жүнісованың шашы көпшіліктің таңданысын тудырды.

Мақпал Жүнісованың шашын жайып түскен фотосы желіде қызу талқыға түсті. Әнші өз желі парақшасында кезекті фотосын жария еткен болатын.

"Қайырлы кеш, астарыңыз дәмді болсын, біз далада көрпе жайып тастап, күн сәулесіне сүйсініп жатырмыз, жаңбырдан көз ашылмай кетіп еді", - деп жазған Жүнісова фотосының астына.

Желі қолданушылары фотода әншінің шашы керемет болып тұрғанын байқаған.

"Шаштары әдемілер осылай жаяды", "Шашыңыз жалтырап, әдемі болып тұр", "Қандай керемет шаш?", "Мынандай шаштан кейін тамақты тез тауысып қоятын шығармыз", - деп табынушылары жарыса мақтауларын жаудырды.

Дегенмен әншінің шашын жайғаны кей қолданушыларға жақпай қалған сыңайлы. Пікір қалдырушылардың арасында "жасыңызға жараспайды екен" деушілер де табылған.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық журналист елбасы туралы фильмнен Назарбаевтың ерекше кадрларын жариялады (фото, видео)

Жарылыс кезінде Ыстамбұлға ұшып келген қазақстандық жантүршігерлік жайтты баяндап берді (фото, видео)

Қазақстаннан АҚШ-қа кетіп қалған студент: Өз жерім туралы ешқашан жаман жазған емеспін

Еліміздегі жас келіндер күйеуінен "мәхр" сыйлығы үшін пәтер мен құндыз тон сұрайтын болған

Бортында қазақстандықтар болған ұшақ Стамбулдағы терактіден 5 минут бұрын ұшып кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1175905-maqpal-zhunisovanynh-shashy-kopshiliktinh/