Әнші Зарина Омарованың 25 келі салмақ тастағаны жұртты таң қалдырды

Опубликовано:

Әнші Зарина Омарованың 25 келі салмақ тастағаны жұртты таң қалдырды. Ол 80 келіден 54 келіге дейін салмақ тастаған деп хабарлайды 31 арна.

Әнші Зарина Омарова шоу-бизнеске қайта оралған соң өзінің тез арада аса сұранысқа ие болатынын сезбепті.

"Сегіз жылдан бері үйде отырғаннан кейін сондай сұранысқа  бір бейнебаяннан кейін ие болған мен үшін үлкен бақыт", - дейді Омарова.

Әрине, әрбір әнші үшін көрерменнің ықыласына бөлену - бақыт. Бір күнде төрт-бес той мен түрлі концерттерге шақырту алатын жұлдыз соңғы уақытта ұшақта көп уақытын өткізетінін айтады.

Дегенмен, көпшілік қауым әншінің алты ай ішінде 25 келі салмақ тастағанын ұзақ уақыт талқылаған болатын. Шоу -бизнесте толық адамдарға жол жоқ екенін жақсы түсінген Зарина 80 келіден 54 келіге дейін салмақ тастаған. Алайда, сыптай тартылған әнші енді толып кетуден қорқатын сияқты.

"Тағы да қосып алу ол мүмкін емес, әрине. Қазірде арықтадым, өзімнің келімді ұстап қала алдым. Бірақ, ең қиыны, қыздарға айтарым, оны ұстап қалу. Ең оңайы тез толып кетуі мүмкін", - дейді Омарова.

Әншінің барлық жағдайын жасап, қыруар шығындарын өз мойнына алатын адам бар екен. Зарина Омарова жақында жаңа туындысымен елді қуантпақ.

Тағы да оқыңыздар:

Әу бастан өзбек азаматы болған қаны қазақ он шаңырақ Қазақстанды таңдағандарына өкінетіндей күй кешуде

ОҚО-да бір топ түлек гулянканың орнына ауызашар берді

Ақтауда жұрттың көзінше жаға жыртысқан бес әйелді полицейлер ақыры іздеп тапты (видео)

Балқашта оқушы қызды өлтірген танымал әнші ақыры ұзақ мерзімге сотталды

Порошенко Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты шешуде Назарбаевтан көмек сұрады

Назарбаев мемлекет жалға берген үйді сатуға шектеу қоюды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1178209-anshi-zarina-omarovanynh-25-keli-salmaq-ta/