Ерке Есмахан өзін мәдениетсіз деп сынағандарға жауап берді (видео)

Опубликовано:

Әнші Ерке Есмахан өзін мәдениетсіз деп сынағандарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ерке Есмахан желі парақшасында өзін бөтелкемен су ішкені үшін мәдениетсіз деп атағандарға жауап беріп, видео жүктеді.

"Су - тіршілік көзі. Оңтүстігіміздің аптап ыстығы, қасиетті айда тұтқан Ораза бір жұтым қара судың қадірін ұғындырғандай... Менің Қызылордада шөлдеп қалып, кесемен емес, бөтелкемен су ішкен суретім БАҚ-та, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп кетті. Мақаланың тақырыбы "Ерке Есмаxан мәдениетсіз" болып кетіпті... Мен әдеттегідей ол суреттің астына қалжың мен шындықты араластырып "сипаттама" жазған едім... Біз саxнада ән салғанымызбен, көп адамнан айырмашылығымыз жоқ қой. Стақан, кесесі жоқ жерлерді паналайтын кездер болады бізде де... Кейбiр журналист жолдастар Instagram желісіндегі әр суретті жаңалық қылып жариялайтын болған", - деп сөзін бастады әнші.

Ерке бұл жайттан кейін "#БөтелкеденСуІшем" деген эстафета бастауды ұсынды.

"Сөйтіп, маған бір ой келді... #БөтелкеденСуІшем деген эстафета бастап жібердім. Әріптестерім қолдай кетті... Мұнымен ештеңе дәлелдемеймін! Жәй, қызық болсын деп! Кеттік па? Кеттік. Сіз де дәл осылай су ішіп жүрсеңіз, суретке түсіп, салыңыз. Бүгін қасиетті түн... Қадір түнгі тілектер қабыл болсын! Ішкен ас-суымыз адалынан болсын! Ел аман, тыныш заман болсын", - деп сөзін аяқтады Ерке.

Еске салсақ, Ерке Есмахан Қызылордадағы концертінде бөтелкемен су ішемін деп көптің сынының астында қалған болатын. Дегенмен әншіні қолдап, онда тұрған ештеңе жоқ дегендер баршылық.

Тағы оқыңыз:

Сергей Кулагин Қадір түнінде ақмолалықтарға ауызашар берді (фото)

Бейбіт Ыстыбаевқа Астанадан пәтер мен 25 миллион теңге берілді (фото)

Назарбаев ауыр сырқаттан көз жұмған Салидат Қайырбекованың жақындарына көңіл айтты

Бейбіт Ыстыбаев үшінші мәрте "Қазақстан Барысы" атанды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1179081-erke-esmakhan-ozin-madenietsiz-dep-syn/