Қыдырәлі Болманов Қарақаттың тоқал алып беретіні туралы кітап жазуда
Опубликовано:
Қарақат Әбілдина жарына "екінші әйел" алып беремін деп жар салған соң, Қыдырәлі Болманов осы туралы кітап жазуға кірісті.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Қарақат Әбілдина күйеуіне тоқал алып беремін деп жар салғанының себебін пиар деп атап, ол туралы бірде мерекелік концертте айтамын деді. Ал Қыдырәлінің өзі ол туралы тіпті кітап жазып жатыр деп сырын ашқан-ды.
Бүгінде Қыдырәлі тек әнші ғана емес, мықты продюсер, бірнеше жобаның авторы. Тіпті, кәсіпкер. Продюсер жақында үлкен мерейтойлық концертке дайындалып жатыр.
Мерекелік концертін белгілі продюсер бұрын-соңды болмаған шоу қылып өткізбек. Тек шетелдік әртістер қана қолданатын техниканы пайдаланбақ. Оған тіпті, 40-тан астам маман жұмылдырылмақ.
Бір қызығы, жиырма жылдық мерейтойында “АБК” тобының орындауындағы “Бір тамшы жас” әнін Қыдырәлі жас әнші Төреғали Төреәліге орындатпақ. Бұнда қандай сыр бар?
"Төреғали Төреәлі, біздің бір тамшы жас бар ғой, сол әннен бастаған екен ән айтуын, ол видеосы да бар. Тәп-тәтті", – дейді Болманов.
Тағы да оқыңыздар:
Мұхамедиұлы: Илья Ильин Рио Олимпиадасына қатыспайды
Танымал тележүргізуші "Хабар" арнасының бас директоры болып тағайындалды
Астана жұрты Салидат Қайырбекованы соңғы сапарға шығарып салды (фото)
Ерке Есмаханның көлеңкесінде қалған молда ағасы жалыққанын айтты
Көріпкелге сенген павлодарлық қария 900 мың теңгесінен айырылып қалды
Шымкенттік журналист Төреғали Төреәліге неліктен дауыс көтергенін айтты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1179942-qydyrali-bolmanov-qaraqattynh-toqal-3/