Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыдырәлі Болманов достарынан сыйлыққа су жаңа көлік алды

Опубликовано:

Әнші Қыдырәлі Болманов достарынан сыйлыққа су жаңа көлік алды. Бұл туралы сүйнші хабарды әнші өз желі парақшасында жеткізген.

"Қарап отырсам, өмiрiмде көптеген сыйлыққа ие болып келе жатыр екенмiн... Бiрнеше машина да мiнгiздi... Оның iшiнде ескiсi де, жаңасы да болды... Бiр көліктi соғып алып, жақсы адамдар екен, аман қалғанымыз үшiн деп машинамды бере салған кездерiм де болды... Қазiр мiнiп жүрген (оны да сыйлаған болатын) машинама 15-жыл да болып қалыпты... Жазғы демалысқа кеткен кезде өз машинамды "тюнинг" жасатып, келгеннен кейiн жаңа машина алдық дей саламын ғой деп жоспарлап, оны керемет жасайтындармен келiсiп қойғанмын, әжемнiң шебер Алла дейтін сөздері есімнен кетпейді... Солай екеніне көптен бері еш күмәнім жоқ... Мақтанды демеңіздер... Бұл мен үшін машина емес, қимас достарымның көл-көсір, ақ, адал ниеттері", - деп ағынан жарылды әнші.

Қыдырәлі баршаға ақ тілектерін жаудырып, бұл сыйлыққа балаша қуанғанын жасырмады.

"Сiздермен қуанышыммен бөлісейін деген ниет қана. Балаша қуанғаным рас", - деп жазған Болманов.

Тағы да оқыңыздар:

Астаналықтардың миллионға жеткеніне неге сенбестік айтылды?

Кезінде бүкіл одақты кенімен қамтамасыз еткен Ащысай ауылының тұрғындары әрең күнелтіп жүр (фото)

Ыдырысов Қырғызстан президентінің сөз сөйлеуінде бейәдеп қылық танытқан қазақ дипломаты үшін кешірім сұрады

Қазақстанда жыл сайын 80 мың сәби анасының тар құрсағында тұншығып өледі

Танымал көріпкел алдағы уақытта Қазақстанды не күтіп тұрғанын болжады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1181971-qydyrali-bolmanov-dostarynan-syylyq/