Анна Седокова Кенталды қатты ұнататын болып шықты (видео)

Опубликовано:

Ресей жəне Украина елінің танымал əншісі Анна Седокова Жанар Дұғалова мен Кенталды қатты ұнататын болып шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Түнгі студияға" сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші қазақ орындаушыларын сүйіп тыңдайтынын "Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев" бағдарламасында айтқан. Баян Есентаеваның продюсерлігі де əншіге қызығушылық тудыртады екен.

"Мен Баянды өте жақсы көремін, әйел ретінде мен оған тәнті болдым. Мен Баянның барлық жобаларын бақылап отырамын. Сонымен қатар Жанар Дұғалованы өте жақсы көремін. Және Кенталды да қатты ұнатамын", - деп ағынан жарылды Седокова.

Нұрлан Қоянбаев болса, әншінің бұл сөзінен кейін "Кенталға" екі жазылушы қосылды деп әзілдеп үлгерді.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбе облысында ер адам өзін жындардың зорлайтынын айтып, көмек сұрады

Байбек: Біз Нью-Йорк те, Копенгаген де болғымыз келмейді

Алматы облысында сәбиін әжетханаға лақтырған бойжеткен алғашқы баласын да тастап кеткен

Ресейлік футболшылар Монте-Карлода 500 шампанға мас болып қалды (видео)

Төсек қатынасында ләззат ала алмау қаншалықты қауіпті?

ОҚО-да аудан әкімі ауылдағы Лениннің ескерткішіне тиіспейтінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1182642-anna-sedakova-zhanar-dughalova-men-kent/