Мақпал Жүнісова күйеуінің қасындағы бақытты шақтарының видеосын көрсетті
Опубликовано:
Әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов екеуінің бақытты сәттеріндегі видеоны жариялады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Мақпал күйеуі екеуінің баласы Мерейді еркелетіп жүрген сәтінен видеоны желі парақшасына жүктеген. Мұрағатынан ескі видеоны көргендер әншіге тағы да көңіл айтып, қызы үшін бекем болуы қажет екенін алға тартты.
"Заманбек аға өте жақсы адам еді... Жатқан жері жайлы болсын! Көрмей кеткен қызықтарын Мерей көрсін. Нағыз халық жанашыры еді. Осы кісінің өліміне кінәлі адамдар қалай жер басып жүр екен?", - деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.
Еске салсақ, 2005 жылдың 12-ші қарашасында Заманбек Нұрқаділов оқ жарақатынан қаза болған еді. Оның басына және кеудесіне екі оқ тиіп қайтыс болған-ды. Тергеу Нұрқаділов отбасылық кикілжіңдерден кейін өзіне қол салды деген қорытынды шығарған. Дегенмен мұндай қорытындыға келіспейтін Жүнісова қашан да екеуінің бақытты болғанын алға тартып келеді.
Ал бүгінде әнші сөздерінің дәлелі ретінде бақытты отбасылық өмірінен видеомен бөліскен.
Тағы оқыңыз:
ОҚО-да "түнгі көбелектердің" қай аудандардан көп шығатыны анықталды
Ақтөбелік актриса бір түннің ішінде басқа ағымға қалай кіріп кеткенін айтты
Алматы облысында тасбауыр ананың баласын не үшін әжетханаға тастағаны белгілі болды
2 жасар інісін ертіп Астанадағы үйінен кетіп қалған қыз Алматыдан табылды
"Неміс машинасын" тоқтатқан Франция Еуропа чемпионатының финалына шықты
Сапарбаев: Қытайды емес, қазақты жұмыспен қамтуымыз керек
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1183258-maqpal-zhunisova-kuyeuimen-baqytty-bo/