Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғалидің әкесіне шәй құйып берген Жазира тыңдармандарына жақпай қалды

Опубликовано:

Танымал әнші Жазира Байырбекова жас өнерпаз Төреғали Төреәлінің әкесі әрі продюсеріне шәй құйып бергені үшін тыңдармандарына жақпай қалды деп хабарлайды Корреспондент басылымы.

Жанболаттың жары әлеуметтік желідегі парақшасында Төреәлі Төлеповке шәй құйып беріп отырған фотосын салып, ол кісі өзіне қайын аға болып келетінін виртуалды достарымен бөліскен болатын.

"Төреғалидің әкесі Жанболаттан бір-ақ жас үлкен болса да маған қайын аға болады. Келінінің қолынан шәй ішіп отырған қайын аға...", - деп жазды әнші Жазира.

Өнер иесінің бұл жазбасынан соң оны виртуалды достары сынап тастады. Тіпті бірі "енді жетпегені шәй құйғандарыңды да инстаграмға салу керек пе, ойпырмай..." деп ашуға булыққан. Ал келесісі "Келін шәйді толтырып құймайтын еді" деп пікір қалдырса, енді бірі "болатын нәрсе салыңыздаршы" деген өтінішін қалдырған.

Пікір қалдырушылардың арасында әншінің қазақилығына тәнті болғандары да бар. Сонымен қатар желі қолданушылары Төреғалидің әкесі тым кәрі көрінетінін де алға тартып, пікір қалдырған. Жазбада әнші Жанболат Төреәлі Төлеповтен бір ғана жас кіші екенін атап өткен.

Тағы оқыңыздар:

Орысша баяндама жасаған шенеунік Бердібек Сапарбаевтан сөз естіді

Белгісіз меценаттар Павлодар облысындағы көпбалалы анаға үй сатып алып берді

Қытайлықтар Қазақстандағы ең ірі алтын өндіретін кен орнын сатып алмақ

Белгілі дінтанушы Шымкентті сәләфтардың орталығы деп атады

Елеусізов: Билік Ресейге зымыран құлайтын жер беру үшін халықпен ақылдасқан жоқ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1183692-toreghalidinh-akesine-shay-quyyp-bergen/